«Қайрат» футзалдан УЕФА кубогының қола жүлдесін алды

Алматыда футзалдан УЕФА кубогы финалының үшінші орынға талас ойыны өтті.

Қола үшін таласта ел чемпионы «Қайрат» пен Ресейдің «Югра» командасы кездесті. Бірінші таймда қос команда 2 голдан соқты. Ал екінші таймда отандастарымыз барынша сақ қимылдады. Диванейдің қос голының арқасында жеңіске жақын тұр едік. Дегенмен, матчтың аяқталуына 20 секунд қалғанда ресейліктер есепті теңестірді. Есеп 5:5.

Пенальти сериясында «Қайрат» басым түсіп, қола жүлдені иеленді.

Голдар: Шаяхметов, 2 (1:0); Дрот, 9 (1:1); Кайо, 14 (2:1); Давыдов, 16 (2:2); Лысков, 23 (3:2); Тайеби, 25 (3:3); Кабреува — Зонардо, 33 (3:4); Диваней — Менино, 37 (4:4); Диваней — Менино, 39 (4:5); Марсенио, 40 (5:5).

«Қайрат» құрамында ойнаған футболшылар: Игита, Игор, Алешандре, Дуглас, Диваней, Ронкальо, Жаманқұлов, Тайеби, Сүлейменов, Дуглас Нуньес, Эвертон, Дрот, Кабреува, Есенаманов.

«Югра» құрамасының мүшелері: Купатадзе, Шаяхметов, Афанасьев, Марсенио, Давыдов, Слемзин, Копейкин, Лысков, Эдер Лима, Котляров, Кайо, Чишкала, Сигнев, Катата.

ДереккөзEgemen.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз