Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қоқыс өңдейтін 41 зауыт салынады

Қазақстанда қоқыс өңдейтін 41 зауыт салынады

Қазақстанда қоқыс өңдейтін 41 зауыт салынады. Олардың жалпы өңдеу қуаты жылына 1,1 миллион тонна болады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазіргі уақытта экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауында жалпы сомасы 307 миллиард теңге болатын 65 жоба бар.

Ұсынылған кәсіпорындардың барлық тізімінен 41 қызмет қоқысты қайта өңдеуге бағытталған. Олардың жалпы өңдеу қуаты жылына 1,1 миллион тонна болады. Тізімдегі жобалардың барлығын іске асыру 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және 54,6 миллиард теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, спутниктік суреттер 4,5 мыңға жуық қоқыс үйіндісін жоюға көмектесті.

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР