Басты бетЖаңалықтарЭкология министрі: 45 жобаның иесі утильалым қаржысынан бас тартқан

Экология министрі: 45 жобаның иесі утильалым қаржысынан бас тартқан

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкімет отырысында утильалым қаржысының есебінен іске асырылатын жобалар туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында министрлік, әкімдіктер ұсынған, утильтөлемдер есебінен қаржыландырылатын 232 миллиард теңгеге 94 жобадан тұратын пул әзірледі. Қазіргі кезде мәлімделген 94 жобаның 45-і бағдарламаға қатысудан бас тартты. Әкімдіктер жобаларды толыққанды пысықтап, қалыптастыру кезінде қатысуға мүмкіндігі жоқ жобаларды алып тастағанда бұндай жағдай болмайтын еді, — деді Ерлан Нысанбаев.

Министр утильалым қаржысынан бас тартқан жобалар әсіресе Түркістан және Жетісу облыстарында көп екенін атап өтті.

Сонымен қатар өңірлердің әкімдіктері жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізбеді. Әрбір жобаны пысықтау барысында әкімдіктердің жанындағы құрылымдар қажет деңгейде қолдаған жағдайда құжаттарды тапсыру мерзімдерін және оларды келісу процесін айтарлықтай қысқартуға болар еді. Осыған байланысты әкімдіктерге жобаларды іске асырудың жолдарын қайта қарастыру қажет, — деді ведомство басшысы.