Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның барлық аймағында жел...

Қазақстанның барлық аймағында жел күшейіп, тұман түседі

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 21 қаңтарда ел аумағында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, арктикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашынның түсуіне, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде қардың түсуіне өз әсерін тигізеді.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында қалың қар түседі.