«Қымбатты отандастар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз»,- деді Елбасы.
Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша, Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістернің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Себебі түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бұл қастерлі құндылық.
«Осынау ақиқатты қалтқысыз ұғыну Отанымыз – Қазақстан Республикасында ұдайы бейбітшілік пен берекенің салтанат құруына септігін тигізеді.
Қоғамымызда қазіргі кезде қолға алынып жатқан жүйелі жаңғыру үрдістері бірлігіміздің нығая түсуіне ықпал етіп, жаңа белестерді бағындыруымызға жол ашады деп сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін»,- деді Мемлекет басшысы.