Басты бетЖаңалықтарҚазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері...

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.

2024 жылы республикалық бюджеттен 3 триллион 752,1 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның 1 триллион 182,3 миллирад теңгесі базалық зейнетақы төлеуге, 2 триллион 569,8 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақы төлеуге жұмсалғаны айтылды.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 451 мың адам.

2024 жылғы желтоқсанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 356 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 819 теңге, базалық зейнетақы – 42 537 теңге, — делінген хабарламада.