Басты бетЖаңалықтарЖетісуда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық...

Жетісуда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Жетісу облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері шетелдік азаматтар мен ҚР азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған.

Жазда шетел азаматы Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажет құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.

Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Қуандық Әлжанов.