Басты бетЖаңалықтар42 күн соғыспау. Израиль мен ХАМАС арасында атыс тоқтату туралы келісім күшіне...

42 күн соғыспау. Израиль мен ХАМАС арасында атыс тоқтату туралы келісім күшіне енді

Израильдің премьер-министр Биньямин Нетаньяху атыс бүгін, 19 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша, сағат 11:15-те (Қазақстан уақыты бойынша, 14:15-те) тоқтайтынын мәлім еткен еді. Бұл туралы The Jerusalim Post жазып отыр.

Атыс уақытын тоқтату кейінге шегерілген себебі — ХАМАС тұтқында отырған үш адамның аты-жөнін бермеген. Ұйымның мәліметінше, бұған техникалық жағдай себеп болған. Кейін ұйым тұтқындардың тізімін берді.

ХАМАС алғашқы үш тұтқынды жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша, сағат 16:00-де босатады.

Естеріңізге сала кетейік, Израиль мен ХАМАС ұйымы 42 күн атыспауға, осы уақыт ішінде екі жақтан тұтқындар айырбастауға келіскен еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ