9 жасар Әмір Қабазиева Гонконгте өткен би чемпионатында топ жарды

Гонконгте биден төртінші жылсайынғы ашық чемпионат өтті. Онда қазақстандық 9 жасар биші қыз Әмір Қабазиева ең үздік қатысушы атанды.

Жарысқа барлығы он елден 250-ден астам биші қатысты.

Отандасымыз латынамерикалық биді жеке және жұппен бірге орындаудан бірінші орын алды. Сонымен бірге «Чемпионаттың үздік шетелдік қатысушысы» номинациясын да қанжығасына байлады.

Жарысты халықаралық би қауымдастығы  (Multi (International) Dancing Association) ұйымдастырды.

Әмір бұған дейін Қазақстанда Алма Сағадиеваның жетекшілігімен «Көбелек» ансамлінде шығыс және әлем халықтары билерімен шұғылданған еді.

ДереккөзInform.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз