Оңтүстік Корея президентінің адвокаттары оны тұтқындауға қарсы наразылық танытты. Сот наразылықты қабылдамады.
Бұл туралы Reuters хабарлап отыр.
Сеул соты қамауға алынған президент Юн Сок Ёлды ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы қызметкерлерінің бірі журналистерге тергеу аяқталуға жақын екенін айтты.
Президент қазір Сеулдің оқшаулау орталығында қамауда отыр.
Сот қамауға алуды ұзарту туралы шешім қабылдағанымен, ұстаудың заңсыздығын қайта қарастырады деп үміттенеміз, — деді президенттің адвокаты.