Басты бет Жаңалықтар Көлік министрі тағы бір ақылы жолды іске қосуға рұқсат берді

Көлік министрі тағы бір ақылы жолды іске қосуға рұқсат берді

Фото: индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Көлік министрі тағы бір республикалық маңызы бар жолда ақылы жүйені енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Министрдің бұйрығы бойынша, 26 қаңтардан бастап «Ресей Федерациясы шекарасы (Самара)-Шымкент» тасжолының бойындағы «Қызылорда-Арал» учаскесі ақылы болады. Ал ақша төлегісі келмейтін көлік жүргізушілер үшін баламалы жолдар қарастырылған. Олар:

  • «Қызылорда-Павлодар-Успенка-Ресей Федерациясы шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының «Қызылорда-Жезқазған» учаскесі;
  • «Жезқазған-Петропавловск» республикалық маңызы бар автожолының «Жезқазған-Арқалық» учаскесі;
  • «Арқалық-Торғай» облыстық маңызы бар автожолы;
  • «Торғай-Шеген-Ақшығанақ-Дүкен-Ырғыз» аудандық маңызы бар автожолы;
  • «Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға)-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының «Ырғыз-Арал» учаскесі.

Жаңадан іске қосылатын ақылы жол II санатқа жатады.

Екі бағытта бір жолақтан қарастырылған. Әрбір жолақтың ені — кемінде 3,75 метр. Ақылы жолдың ұзақтығы — 454 км 850 метр. Ал жол учаскесін ақылы негізде пайдалану мерзімі 20 жыл болады.

Exit mobile version