Басты бет Жаңалықтар Қазгидромет Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Алматы әкімдігі
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасады.

2025 жылғы 9 қаңтарда Алматы, Шымкент және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version