Басты бетЖаңалықтарАуа райына байланысты екі облыста жол жабылды

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеп отыр.

2025 жылғы 16 қаңтар сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскесінде (БҚО шекарасы-Маржанбұлақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.

Жолды 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелді.

16 қаңтар сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 393-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылы-Ақтөбе облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық