Басты бетЖаңалықтарАлдағы күндері...

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16, 17 және 18 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.

Метеорологтар мәліметінше, қысқа үзілістен кейін Қазақстан аумағына кезекті Атлантикалық циклон жылжып келеді. Ол өзімен жауын-шашын әкеледі: батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде, ал қалған аймақтарда қар түрінде жауады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында жауын-шашын болуы мүмкін.

Желдің күшеюі, боран, көктайғақ, кей жерлерде тұман күтіледі. Тек температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, – делінген хабарламада.