Басты бетЖаңалықтарБиыл колледждерде 150 мыңнан астам студент тегін оқиды

Биыл колледждерде 150 мыңнан астам студент тегін оқиды

2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр.

Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 153 мың студент тегін оқумен қамтылады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты, — делінген хабарламада.

Мемлекеттік тапсырыстың 70%-і техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бөлінеді.

Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға жеткізу жоспарланып жатыр. Сонымен қатар жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіптік стандарттар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді.

Биыл колледждер мен жұмыс берушілер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді және өндірістік базада 2 мың педагог тағылымдамадан өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да