Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 529–533 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 15 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 530,24 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге. Еуро — 543,97.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531 теңге. Еуро 541—546 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 530 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07-5,17 аралығында саудаланып жатыр.