Альберт Линдер Азия чемпионатында ең үздік спортшы атанды

Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдер Түрікменстан елінің астанасы Ашхабадта өткен Азия чемпионатында ең үздік спортшы атанды. Ол 69 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанған болатын.

Ашхабадтағы Азия чемпионаты кеше аяқталды. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Алтынды Альберт алса, қоланы қыздар арасында 75 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шыққан Александра Аборнева ұтып алды.

Ал жарыс қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар Альберт Линдерді Азия чемпионатының үздік спортшысы ретінде танып, арнайы марапаттады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version