«Алматы-Өскемен» автожолының учаскесінде болған жол-көлік оқиғасы туралы шұғыл ақпарат жарияланды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2025 жылғы 15 қаңтар сағат 07:30 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 28 шақырым учаскесінде («Алматы-Қонаев» бағытында) 18 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат қалың тұман кезінде болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізушілер шектеулі көрініс кезінде жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы салдарынан аталмыш оқиға болды. Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады, алты жолақты. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қосымша мәліметтер анықталып жатыр, — делінген хабарламада.