Бүгін ауа райының бұзылуына байланысты Атырау облысында бірқатар жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
2025 жылғы 14 қаңтар сағат ауа райының бұзылуына байланысты Атырау облысында келесі жолдарға шектеу қойылды:
- Сағат 21:50–де Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы автожолының 517-603 шақырым аралығындағы учаскесінде (Доссор ауылы—Атырау қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
- Сағат 22:30–да Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы автожолының 337-517 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысының шекарасынан-Доссор а. дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
- Сағат 23:00–да Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау шекарасы автожолының 3-119 шақырым аралығындағы учаскесінде (Доссор ауылы-Құлсары қ.) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Үш жол учаскесін 2025 жылғы 15 қаңтар сағат 00:00–де ашу жоспарланған.