Басты бетЖаңалықтарБоран, тұман:...

Боран, тұман: 13 облыста ауа райына байланысты ескерту жасалды

15 қаңтарда Қазақстанның 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Абай ауданының батысында, оңтүстігінде және орталығында қарлы боран соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, батыста, оңтүстікте, облыс орталығында күші 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысы мен шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ болып, тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте, облыс орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады деп күтілуде. Түнде облыстың батысында және солтүстігінде бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың таулы аймақтарында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстікте, Ұлытау облысының орталығында кей жерлерде тұман күтіледі.