Басты бетЖаңалықтарАқтөбедегі қылмыстық...

Ақтөбедегі қылмыстық оқиға: облыс әкімі мәлімдеме жасады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров кепілде болып, қаза болған адамдарды жерлеу рәсіміне көмек берілетінін мәлімдеп отыр.

Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.

Құрметті жерлестер! Облыс орталығындағы қылмыскердің түндегі әрекеті қоғамда жан-жақты талқыланып жатыр. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Құқықтық бағасын құзырлы органдар беретін болады. Қазіргі уақытта зардап шеккен жәбірленушіге жан-жақты медициналық және психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Ал марқұм болған азаматтардың жерлеу рәсіміне қажет көмектер ұйымдастырылады. Осы ретте күдіктіні ұстауда кірпік ілмей, кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Қауіпсіздік шаралары — бақылауымда, — деп жазған Ақтөбе облысының әкімі.

Еске салайық, Ақтөбеде белгісіз біреу жеке үйлердің біріне басып кіріп, үш адамды кепілге алған. Жарақат алған екі адам қаза болды, тағы бір жәбірленушінің жағдайы ауыр.