Басты бетЖаңалықтарБылтыр елімізде...

Былтыр елімізде 30 мыңнан аса жол-көлік апаты тіркелген

Былтыр елімізде 30 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 43 мың адам зардап шеккен. Апат салдарынан 2 600-ге жуық адам қаза болды.

Бұл туралы ІІМ хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ең көп жол-көлік оқиғасы Алматы қаласында тіркелген. Қазір мегаполисте профилактикалық жұмыстар жүріп жатыр. Әсіресе, жол қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынып, балаларға арналған арнайы орындықсыз жүргендер жазаға тартылады.

Алматыда былтыр балалар да болған 1 500-ден аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апат салдарынан 1 600 жасөспірім зардап шегіп, төртеуі көз жұмған.

Тәжірибе көрсеткендей зардап шеккендердің басым бөлігі қауіпсіздік белдігін тақпаған немесе арнайы балалар орындығына отырмағандар, — дейді қалалық полиция департаментінің өкілі.

Ол көлік жүргізушілерін жолда автокресломен жүруге шақырды.