Басты бетЖаңалықтарАқтөбеде белгісіз...

Ақтөбеде белгісіз біреу 3 адамды кепілге алған: екеуі қаза болды

Ақтөбе қаласында белгісіз біреу жеке үйлердің біріне басып кіріп, үш адамды кепілге алған. Жарақат алған екі адам қаза болды.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.

Полицияның дерегінше, 13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйден адамдардың кепілге алынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды.

Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды. Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды. Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада қаза болды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр,  делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.