Басты бетЖаңалықтарАуа райының күрт нашарлауынан екі облыста көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының күрт нашарлауынан екі облыста көлік қозғалысы шектелді

Еліміздің батыс өңіріндегі екі облыста ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.

Атырау облысы:

  • 2025 жылғы 13 қаңтарда сағат 21:15–дан бастап Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Атырау-Орал» автожолының 14-189 шақырым аралығында (Алмалы ауылынан Индер ауданына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 2025 жылғы 14 қантар сағат 00:00–де жолды ашу жоспарланған.
  • 2025 жылғы 13 қаңтарда сағат 23:20–дан бастап Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ақтөбе—Атырау—РФ шек.» автожолының 621-830 шақырым аралығында (Атырау қаласынан Құрманғазы ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 2025 жылғы 14 қантар сағат 04:00–де жолды ашу жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысы:

  • 2025 жылғы 13 қаңтарда сағат 22:30–дан бастап Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ақтөбе—Орал—РФ шек. (Сырым ө/п)» автожолының 195-248 шақырым аралығында (ГАИ постынан РФ шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. 2025 жылғы 14 қантар сағат 06:00–де жолды ашу жоспарланған.
  • 2025 жылғы 13 қаңтар сағат 23:00–да Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі автомобиль жолдарында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

1. «Ақтөбе—Орал—РФ шек. (Сырым ө/п)» автожолының 273-392 шақ., (Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейін);

2. «Атырау-Орал» автожолының 372-492 шақ., (Чапай ауылынан Орал қаласына дейін).

Жолдарды 2025 жылғы 14 қаңтар сағат 06:00–де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы жолға қатысты қосымша ақпарат алуға болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да