30 сәуірдегі ауа райына арналған болжам

"Казгидрометтің" хабарлауынша, бүгін елімізің басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы құбылмалы болып, кей жерлерде жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады.

Фото: Wallpaperup.com

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кейбір аудандарында тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Маңғыстау облыстарында жел тұрады, жылдамдығы 15-22 м/с дейін барады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version