Басты бетЖаңалықтарДоллар 529–534...

Доллар 529–534 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 529–534 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 528,52 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,17 теңге. Еуро – 539,14.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529,05 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 532 теңге. Еуро 539—545 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 530 теңге, сатып алу құны – 534 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07-5,17 аралығында саудаланып жатыр.