Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Осыған байланысты «Қазгидромет» РМК синоптиктері дауылды ескерту жариялады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында көктайғақ, тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Абай облыстарында тұман түсіп, боран соғады.
Жел Жетісу облысында да болады.
Маңғыстау, Ақмола, Түркістан облыстарында тұман түседі.
Қостанай облысында бұрқасын, тұман күтіледі.