Басты бетЖаңалықтарАқтөбеде кісі...

Ақтөбеде кісі өлтірген және есірткі зертханасын ұйымдастырғандар сотталды

Ақтөбеде кісі өлтірген және есірткі зертханасын ұйымдастырған екі адам сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлап отыр.

Қылмыстық іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот үкімімен өңірдің екі тұрғыны әрқайсысы 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар психотроптық заттарды заңсыз сатып, ол үшін қылмыстан шашып, өңір тұрғынын өлтірген. Қайтыс болған адам қылмыскерлер мен куәны байланыстырушы болған, — делінген хабарламада.

Прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық іс қысқа мерзімде сотқа жолданды.

Сотталғандардың кінәлары толық дәлелденді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.