Басты бетЖаңалықтар2024 жылы ел аумағында 22 тонна есірткі тәркіленді

2024 жылы ел аумағында 22 тонна есірткі тәркіленді

Былтыр елімізде 12 айдың ішінде 3 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркелген. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

12 ай ішінде 7 920 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 3 430-ы қылмыс. Шамамен 22 тонна есірткі тәркіленіп, 63 есірткі зертханасы жойылды. Одан бөлек, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес – полиция жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі. Ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық етіп, оған қатысудың 45 фактісі анықталып, жолы кесілді, оның ішінде үшеуі трансұлттық болған. Сонымен қатар 1 361 жоғалған адамның мекенжайы анықталды, — делінген хабарламада.

Осы орайда министрлік жанынан есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылды.

Кейінгі жылдары киберқылмысқа қарсы күрес ерекше маңызға ие. Бұл мәселені шешу үшін ведомствода бейінді департамент ашылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін іздеуде жүрген 1 949 адам ұсталды, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық