Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 526–532 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 13 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 526,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге. Еуро — 542,72.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 527 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 530,3 теңге. Еуро 541—546 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 528 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13-5,20 аралығында саудаланып жатыр.