Басты бетЖаңалықтарҚБТУ өртке байланысты түсініктеме берді

ҚБТУ өртке байланысты түсініктеме берді

12 қаңтарға қараған түні Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) ғимаратында өрт шықты.

Университеттің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, қазір бұл жағдайды тиісті органдармен бірлесе тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Өрт 11-12 қаңтарға қараған түні университет ғимаратының 4-қабатында болған. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) құтқарушылары өртті жылдам оқшаулап, толықтай сөндірген, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

ҚБТУ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті барлық шараларды қолға алғанын хабарлады. Сонымен қатар университет студенттеріне оқу процесінің форматы мен сабақ кестесіне қатысты ақпарат жақын уақытта жеткізілетінін мәлімдеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық