Лос-Анджелес округін шарпыған өрт салдарынан кем дегенде 16 адам қаза болды. Бұл туралы NBC News хабарлап отыр.
Бұған дейін округ шерифі Роберт Луна 11 адам қаза болғанын, 13 адам із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған болатын.
Лос-Анджелес округінде орман өрттері 7 қаңтарда тарай бастады. Метеорологтардың мәліметінше, өрттің тез таралуына құрғақ және өте желді күн райы себеп болған. Калифорния өрт сөндіру қызметінің кейінгі деректеріне қарағанда, округтегі өрттің жалпы ауданы 15,5 мың гектарға жетті.
Қызыл жалын 12,3 мыңнан астам ғимаратты, соның ішінде танымал адамдардың мүлкін шарпыды. АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденнің ұлы Хантердің, актриса әрі модель Пэрис Хилтонның, сонымен қатар актер және режиссер Мел Гибсонның үйлері өртенді.