Қазақстан ғылымы мен әдебиеттану саласында елеулі із қалдырған ғалым, абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы 2025 жылғы 11 қаңтарда дүниеден өтті.
Бұл туралы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты өзінің ресми Facebook-парақшасында жазды.
Мекемтас Мырзахметұлы 1930 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген. Ол Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін 1953 жылы бітіріп, аспирантураны 1964 жылы тәмамдады.
Қызмет жолы
Ғалым педагогикалық және ғылыми қызметтерді атқарып, түрлі жауапты лауазымдарда болды:
1953–1961 жылдарыНизами атындағы Ташкент педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі, декан, проректор қызметтерін атқарды.
1969–1975 жылдарыАбай атындағы Қазақ педагогикалық институтында доцент болып қызмет етті.
1975–1991 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында абайтану бөлімінің меңгерушісі болды.
1991–2000 жылдарыҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде әдебиет және этнофилология ғылыми-зерттеу орталығын басқарды.
2000 жылдан бастапТараз мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі және “Түркі халықтары әдебиетінің тарихы” ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметін атқарды.