Басты бетЖаңалықтарАуа райына байланысты Батыс Қазақстанда үш автожол жабылды

Ауа райына байланысты Батыс Қазақстанда үш автожол жабылды

“ҚазАвтоЖол” көлік қозғалысын шектеуге қатысты хабарлама жариялады.

Келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:

Батыс Қазақстан облысы:

Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 273-392 шақырым аралығындағы учаскесі (Барбастау ауылы — Жымпиты ауылы);

Орал-Тасқала-РФ шекарасы автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскесі (Орал қаласы — РФ шекарасы);

Атырау-Орал автожолының 372-492 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақжайық ауылы — Орал қаласы).

Жолды 2025 жылғы 11 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР