Облыс əкімі баспасөз қызметінің мəліметі бойынша абаттандыру, санитарлық тазалық және көгалдандыру айлығы аясында өткен шараға қала тұрғындары, қоғамдық бірлестіктер, білім беру жəне емдеу мекемелері, ардагерлер ұйымдары, жастар жəне мəслихат депутаттары қатысты.
Сенбілік кезінде аймақ басшысы Көкшетау қаласынан шыға берісте Астана бағытындағы тас жолдың бойында орнатылған «Құлагер» ескерткіші жəне «Көкшенің ерке самалы» сəулет композициясының маңында ағаш отырғызды. Оған қоса Мəлік Мырзалин қаланы көгалдандырумен айналысатын «Жасыл ел НС» ЖШС-нің питомниктері, Васильковск жəне Центральный шағын аудандарындағы тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, «Алтын ғасыр» сауда үйінің маңындағы алаңды жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Осы жерде аймақ басшысы тұрғындармен кездесіп, абаттандыру жұмыстарына қатысты пікірлеріне құлақ түрді. Мердігерлерге жөндеу жұмыстарын сапалы атқаруды тапсырды.
Еске сала кетейік, бүгінгі күні облыс орталығында 2 мыңнан астам түп ағаш отырғызылып отыр. Айлық соңына дейін отырғызылатын ағаш санын 3 мыңға жеткізу жоспарланған. Оған қоса 23 мың шаршы метр аумаққа гүл егілетін болады.