Алматыда 250 мыңнан астам зейнеткер тұрады

2024 жылы Алматының белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына 6 073 адам келді. Ал көрсетілген қызмет көлемі 313 мың теңгеге дейін өсті.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында орталық басшысы Сәуле Бекетаева айтты.

Қазақстан тарихында тұңғыш рет орташа өмір сүру ұзақтығы рекордтық көрсеткішке жетті – 74,44 жас, ал Алматыда ол 78 жас болды, бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. Мегаполисте жалпы 250 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Орталықтар білім беру бағдарламалары мен трениңдерден бастап денешынықтыру, йога, би және шығармашылық шеберханаларға дейін 40-тан астам тегін қызмет түрін ұсынады. Егде жастағы азаматтар арасында «Айкуне» ұлттық жаттығулары, кескіндеме курстары, хор, қолөнер және агротерапия ерекше танымал. 2024 жылғы мәліметтер бойынша, келушілер арасындағы депрессия деңгейі 50%–ке, ал жалғызсырау 55%-ке төмендеді. Қатысушылардың 70%-тен астамы жалпы денсаулықтың, көңіл күйдің және белсенділіктің жақсарғанын айтады, – деді Сәуле Бекетаева.