Астана мен Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 8 қаңтарда Астана мен Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

Астанада жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда соққан жел екпіні 15-18 м/с болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік бөлігінде бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Қостанайда түнде және таңертең бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шығыстан сағатына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте, сонымен қатар Түркістанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Жетісу облысында, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні — 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда да оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні — 15-18 м/с болады.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман болады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақмола облысында бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 9-11 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, 10 қаңтарда 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 9-11 қаңтарда тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады деп күтіледі. Бұрқасын жүріп, күндіз облыстың батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта да аздап тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.