Басты бетЖаңалықтарҚазақстан енді...

Қазақстан енді колледждің бір студенті үшін 912 мың теңге жұмсайды

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы колледждердің бір студентін даярлау үшін жылына 912 мың теңге бөлінеді.

Бұл туралы бүгін үкіметте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының көптен күткен жаңалығы — 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері ұлғаяды. Қазір қолданыстағы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес бір студентті даярлау үшін бөлінетін қаржының орташа мөлшері 437 мың теңге болса, ол енді орташа есеппен 912 мың теңге болады, — деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, бұрын бұл қаражат екі есеге аз еді.