Қырғыз премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков биометрикалық төлқұжат енгізу электронды үкіметке көшудің маңызды қадамы дейді. Ол Қырғызстан азаматтары биылғы жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін биометрикалық электронды төлқұжатты тегін ала алатынын ескертті. Үкімет басшысының сөздерінше, төлқұжатты рәсімдеу 14 күнге дейін қысқарады.
Электронды төлқұжатта азаматтың отбасылық жағдайы, ұлты, тұратын мекен-жайы, азаматтығы, саусақтарының ізі, қолтаңбасы секілді 19 түрлі мәлімет сақталады.