Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп ұшады. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.
2025 жылғы 8 қаңтарда қолайсыз ауа райы жағдайларына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, — деп хабарлады әуежайдан.