Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктеріндегі мәліметтерді саралау аяқталды. Бұл туралы бразилиялық G1 басылымы хабарлап отыр.
Әуе апаттарын зерттеу және олардың алдын алу орталығы осы дүйсенбі 25 желтоқсанда Қазақстанда құлаған Embraer ұшағындағы қара жәшіктердің мәліметін саралауды аяқтады. Құрылғы Бразилияға 1 қаңтарда жеткізілген, ертесінде мәліметтерді сараптау басталған, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтау маңында ұшақ құлап, 39 адам қаза болған.