Ұшақ апаты: Әзербайжан құтқару операциясына қатысқан Қазақстан азаматтарын марапаттады

Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі Камаладдин Гейдаров Ақтау әуежайы маңында Embraer 190 ұшағы апатқа ұшыраған соң құтқару жұмыстарына қатысқан Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерін марапаттады.

«Ынтымақтастық үшін» төсбелгісін алғандар:

  • Сейталин Азамат Серікұлы;
  • Аминов Тимур Владимирович;
  • Айдаров Қани Манапұлы;
  • Қараев Саясат Мұсаұлы;
  • Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы;
  • Құлханов Азымбек Шындәулетұлы;
  • Күзембаев Ербол Ахметұлы;
  • Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы;
  • Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы;
  • Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы.

Еске салайық, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады.

Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі. Апаттан 38 адам қаза болып, 29 адам аман қалды.

Жолаушылардың толық тізімі жарияланды. Ұшақ бортында Қазақстанның алты азаматы болған. Барлығы қаза болды.

Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мемлекеттік комиссия құрылды.

Әуе апатынан қаза болған отандастарымыздың аты-жөні жарияланды.