Ол өзінің фэйсбук парақшасында: «Музыка туралы тек музыкатанушылар жазсын деген ереже бар болса, мен ол ережеден кешірім сұраймын. Димаш жан дүниеміздегі жансыз қалған дүниелерімізді қозғап жіберді. Біз Димашты тыңдай жүріп, ән тыңдаудың да жаңа орбитасына көтерілдік. Димаштың имиджі жайлы жазбау мүмкін болмай қалды. Димаштың өнеріне қол соққан қол шапалағымыздың үні күллі әлемді жалт қаратқандай. Біз тіпті Димаш арқылы өзімізді басқаша сезіне бастадық. Ал Димаштың өзі шеберлігін қалай шыңдады? Жас таланттарды қабілетін сындырып алмай, шеберлік шыңына жеткізуге бола ма? Менің «Димаш» атты эссе-кітабым осы және басқа да мәселелерді қозғады. Ой қосып, пікір бөліскен Димаштың ата-анасы Қанат пен Светланаға зор алғысымды айтамын. Бұл жаңа туындым өлең емес, эссе. Жоғарыда айтылған мәселелерді қозғаған жаңа стильдегі дүние. Оқимын десеңіз – мархаббат. Таяу күндері «Меломан», «Flip.kz» кітап сауда желісі арқылы сауда орындарына түседі. Мұндай желідегі дүкені жоқ қала, ауылдардағы оқырмандарым фейсбук, инстаграм желілері арқылы жекеге өзіме хабарласса болады, көмекші қыздарым сатуды ұйымдастырып жатыр»,– деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Қытайдан үлкен жеңіспен елге оралған еді. Әншіні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы арнайы қабылдап, батасын берді.
Мамыр айында әнші Францияда өтетін Канн фестивалінде құрметті қонақ ретінде ән шырқайды деп күтілуде.