Басты бетЖаңалықтарДоллар, еуро...

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 526—534 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 6 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 526,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,76 теңге. Еуро — 542,31.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 526,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,5 теңге. Еуро 542,5—549,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 534 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95—5,10 аралығында саудаланып жатыр.