«1 миллиард теңге жымқырды». Вице-министрдің ісі сотқа жіберілді

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлап отыр.

Агенттік вице-министр мен мердігер ұйым басшылығына қатысты тергеуді аяқтады.

Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып жатыр, — делінген хабарламада.

Былтыр 13 желтоқсанда бас прокуратура күдіктілерге қатысты қылмыстық істі сотқа берді.