Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның бес облысында көлік қозғалысы қайта жанданды

Қазақстанның бес облысында көлік қозғалысы қайта жанданды

«ҚазАвтоЖол» ашылған жолдар туралы жаңартылған ақпаратты жариялады.

Қазір бірқатар облыста көлік қозғалысы қайта жанданды. Атап айтқанда:

Алматы облысында

2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 04:00–де Алматы облысында «Алматы-Өскемен» автожолының 25-67 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақы алу пунктінен Қонаев қаласына дейін) көлік қозғалысы ашылды.

Шығыс Қазақстан облысында

2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00–де «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай Рахман кілттері» 6-166 шақырым аралығында (Ушановское ауылынан-Алтай қаласына дейін) көлік қозғалысы ашылды.

2025 жылғы 5 қантар сағат 06:00–де келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды.

Қызылорда облысы

«Шымкент-Самара» 1240-1357 шақырым аралығында (Ақтөбе обл. шекарасынан — Арал қаласына дейін).

Ақтөбе облысы

«Шымкент-Самара» 776-1240 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласынан — Қызылорда облысының шекарасына дейін) «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» 0-234 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан — Қостанай облысының шекарасына дейін).

Қостанай облысы

«Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» 234-310 шақырым аралығында (Ақтөбе обл. шекарасынан — Адаевка ауылына дейін).

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, жолдардың ашылуы және жабылуы туралы тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да