Жаңа жылдық мереке күндері пиротехника пайдаланған 63 адам түрлі жарақат алды. Жапа шегушілерің 20-сы бала.
Бұл туралы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың денсаулық сақтау басқармалары хабарлап отыр.
Алматы қаласында 19, Жамбыл облысында 11, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында алты адамнан, Ақтөбе облысында екі, Ақмола, Қызылорда, Атырау мен Шығыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарының әрқайсысында бір адамнан дәрігерлер көмегіне жүгінген.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, түрлі деңгейдегі жарақат алған 12 адам ауруханаға жатқызылған.