Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның 5...

Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Алматы, Астана, Балқаш, Павлодар, Өскемен қалаларында қолайсыз мереорологиялық жағдай қалыптасып, ауа шамадан тыстануы мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, ауа сапасының нашарлауына баяу жел мен тұман әсер етеді. Бұл – қысқа мерзімді метеорологиялық жағдай.

Мамандар ауа сапасы нашарлаған жағдайда тұрғындарға далада ұзақ уақыт жүруге, автокөліктердің жанында ұзақ уақыт тұрмауға, өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүруге, далада спортпен шұғылданбауға кеңес береді.