Елорда және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлап отыр.
5 қаңтар күні Астанада кей жерлерде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады.
Абай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауып, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және солтүстігінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні облыстың солтүстігі мен шығысында 15-18 м/с болады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында және шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа бұрылады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстікте, Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Алакөл өңірінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18-23 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, оның екпіні облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында және Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болып, облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көктайғақ күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі.