Астана-Петропавл тас жолында 95 көлік соғысып қалды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
3 қаңтарда ауа райының нашарлағандықтан, Астана-Петропавл республикалық жолының 18-232 км учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді, – делінген хабарламада.
95 көлік соғысып, 11 адам зардап шеккен. Қазір жолдың бір жолағы тазартылып, көліктер жүре бастаған. Тас жол жабық.